Бұл туу алдындағы
даму кезеңі
дамып келе жатқан
адамның туылғаннан
кейінгі кезде
өмір сүруге
қажет көптеген
құрылымдар мен
дағдыларды өзіне
қабылдайтын дайындық уақыты
болып танылады.
Chapter 2 Terminology
Адамдарда жүктілік кезеңі
ұрпақтанғаннан
немесе ұрықтанғаннан бастап
туылғанға дейін
38 аптаға созылады.
Ұрпақтанғаннан кейінгі
бастапқы сегіз апта ішінде
дамып келе жатқан
адамды эмбрион деп атайды.
Ол "іштен өсуші"
дегенді білдіреді.
Бұл эмбриондық кезең
деп аталатын мерзім
дененің көптеген басты жүйелерінің
қалыптасуымен сипатталады.
8 апта аяқталғаннан бастап
жүктіліктің соңына дейін
дамып келе жатқан адамды
"ұрық" деп атайды,
яғни ол келе жатқан ұрпақ дегенді білдіреді.
Эмбриондық кезең
деп аталатын
бұл кезеңде дене өседі және
оның жүйелері жұмыс істей бастайды.
Бұл бағдарламадағы барлық эмбриондық және
құрсақ ішілік жастар
ұрықтанғаннан кейін уақытқа тәуелді.